Елімізде Кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізілді. Бұл – баланы отбасыға орналастырудың уақытша түрі. Алты айдан бір жылға дейін мерзім қарастырылған. Кәсіби отбасы 4 балаға дейін өз қамқорлығына ала алады. Бұл үшін дайындық пен психологиялық диагностикадан өтіп, арнайы талаптарға сай болуға тиіс:
- 30-63 жас аралығында болуы шарт
- тұрғын үй жағдайы: бір адамға 15 шаршы метр
- қамқоршылық органдарының алдында жарты жылда бір рет бала денсаулығы және шығындар бойынша есеп береді

Кәсіби қабылдаушылардың басты айырмашылығы — бала тәрбиелеу олардың негізгі жұмысына айналады. Әр ата-анаға тәрбиешілік қызметі үшін айына 70 АЕК, бір баланы асырауға 10 АЕК төленеді.
12 жыл бойы «АНА ҮЙІ» қоры еліміздегі әлеуметтік жетімдікті жою мақсатында жұмыс істеп келе жатыр. Осы уақыт аралығында балаларға арналған интернат мекемелерінде балалар саны 10 мыңнан 3700-ге дейін азайды. Олардың басым бөлігі: жасөспірімдер, ағайындылар және диагнозы бар балалар.
“Көп жылдық тәжірибеміз көрсеткендей, барлық қабылдаушы ата-ана жасөспірімдер мен ағайындыларды асырап алуға дайын емес. Мұндай жағдайда қабылдаушы кәсіби отбасы – мәселенің жалғыз шешімі. Еліміздің қазіргі саясаты әрбір баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыруға бағытталғанына қуаныштымыз», — дейді Ұлттық бала асырап алу агенттігінің басшысы Фарида Рахметова.

Бұл жаңашылдық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдер балалар үйіне емес, бірден қабылдаушы кәсіби отбасыларға анықтала алады. Әр баланың отбасында тәрбиеленіп, өмір сүруіне мүмкіндік туындайды.
Ұлттық бала асырап алу агенттігі әр өңірде өңірдің қамқоршылық органдарының мамандарын үміткерлерді сапалы іріктеуге үйретті. Кандидатты қабылдаушы кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытындыны қорғаншылық органдары шығарады.










