MOTHER’S HOME INTERNATIONAL FOUNDATION
(MHIF) – қазақстандық «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының халықаралық бағыты.
10 жыл бұрын қамқорлық пен қолдаудан бастау алған оқиға жаһандық MHIF бастамасын шабыттандырды. Мақсаты – әлеуметтік жетімдікті азайту және дүние жүзіндегі балалар үйіндегі балалардың санын азайту
MHIF бүкіл әлем бойынша
Өзбекстанда MHIF филиалы 2024 жылғы 4 сәуірде тіркелді. Қазіргі таңда «Ona Uyi» ресурстық орталығын ашуға және аналарды қабылдауға дайындық жүріп жатыр.
Жобаны бірқатар басқа елдерде іске асыру бойынша мүмкіндіктер белсенді түрде талдануда және келіссөздер жүргізілуде.
Малайзияда MHIF филиалын тіркеу процесі жүріп жатыр және 2024 жылы ресурстық орталық ашу жоспарлануда.
MHIF жаһандық қауымдастығына қосылыңыз
Біз бірге әрбір бала сүйіспеншілікке толы отбасында өсетін қоғамдастық құрамыз! Біз туралы ақпарат таратыңыз, волонтер болыңыз, аналарымыз бен балаларымызға қолдау көрсетіңіз!
Жаңалықтар
Mother’s Home International Foundation (MHIF) бастамасымен баспасөз мәслихаты
2024 жылғы 23 қаңтарда «Ана Үйі» әлеуметтік жобасының халықаралық деңгейге шығуына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстандағы «Ана Үйінің» он жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, жоба Mother’s Home International Foundation (MHIF) брендімен қатысу географиясын кеңейтуде. Қордың құрылтайшылары Айдын Рахимбаев пен Арсен Томский жобаның географиясы жақын арада 10 елге дейін кеңейеді деп болжайды.
Жергілікті қазақстандық әлеуметтік бастама тәжірибесін халықаралық деңгейге тарату Қазақстан тарихында алғаш рет жүзеге асырылуда, бұл жобаға халықаралық ұйымдар ғана емес, сонымен қатар қазір әртүрлі елдерде қолдау көрсетуге дайын бизнес қауымдастығы да лайықты бағасын берді.