Біз кімге көмек көрсетеміз
«Ана Үйі» ресурстық орталығы Сізге көмектеседі, егер
Сіз балаңызды интернат мекемесінде қалдыруға мәжбүр болсаңыз
Сіз жаңа туған сәбимен қиын өмірлік жағдайға тап болсаңыз
Сіз қиын жағдайға байланысты балаларыңыздан бас тартпақ болсаңыз
Ана Үйі ресурстық орталығы
Қор мамандары қамқорлыққа алынған әйелдерге дағдарысты еңсеруге, өздеріне сенуге және баласы үшін сенімді әрі жауапты ана болуға көмектеседі. Ана үйінде әйелдерге баспана, азық-түлік, медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар әкесін анықтау, құжаттарды рәсімдеу, алимент өндіру бойынша да заң көмегі көрсетіледі.
Ана Үйі картасы
Алматы №1
299
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Алматы №2
410
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Алматы №3
480
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Талдықорған
183
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Шымкент
584
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Тараз
352
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Қызылорда
310
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Жезқазған
147
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Ақтау
175
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Атырау
175
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Орал
253
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Ақтөбе
287
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Қoстанай
297
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Петропавловск
182
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Кокшетау
176
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Астана №1
564
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Астана №2
507
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Караганда
453
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Павлодар
245
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Семей
322
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Өскемен
237
көмек алған әйелдер
мен балалардың саны
Аналардың оқиғалары
Алина
Павлодар қаласы
Алина — Павлодар қаласындағы Ана үйіндегі алғашқы аналардың бірі. Оның өзі балалар үйінде өсіп, жобаға алты айлық қызы Ясминмен келді. Оның ата-анасы небәрі 6 жасында қайтыс болып, інісімен бірге мемлекеттік мекемеге түскен.
Бітіргеннен кейін Алина сыныптасымен бірге тұра бастайды да, көп ұзамай жүкті болады. Алайда, отбасылық өмірлері ұзаққа созылмайды. Ясминнің әкесі Руслан, жұмыс істемей, көп ішкен. Алина бұл кезде құрбысының үйінде, біресе шіркеу жанындағы үйде тұрды, ал інісі бөлме жалдап тұрды. Ол көбіне аш жүріп, кейде талып қалатын.
Перзентханадан шыққаннан кейін Алина бұрынғы балалар үйіндегі тәрбиешісінің пәтерінде тұрды. Дәл сол жерде ол Павлодарда Ана үйінің ашылғанын білді. Оның кураторы оны сол жаққа жеткізеді.
Ана үйінде Алина мен Ясмин бір жарым жыл тұрды. Руслан қызына барып, әке болуды қабылдады. Бірақ, өкінішке қарай, Руслан олармен бірге тұра алмайды, оны өлтіріп кетеді. Бірақ ол өзінің фамилиясын Ясминге бергендіктен, асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алады.
Қазір Ясмин 9 жаста, ол үшінші сыныпқа барады. Алина тұрмысқа шығып, тағы бір қызын дүниеге әкелді. Екеуі де жұмыс істейді, Тұрғын үй құрылыс банкіндегі шоттарын толықтырады және балалар үйінің түлектері мен жұмыс істейтін жастарға арналған жатақханада тұрады.
Вероника, Өскемен қаласы
Жас ананың бастан кешкендері
Он алты жасар Вероника Аналар үйіне 2020 жылдың ақпан айында келді. Тым жас болғанына қарамастан, ол Иван есімді шақалаққа ана болып үлгерген екен.
Ол кезде Вероника Шығыс Қазақстан облысындағы бір мектептің оныншы сынып оқушысы еді. Өкінішке орай оқушы қызға ата-анасы тарапынан да, мемлекеттік құрылымдар тарапынан да ешқандай қолдау болмады.
Аналар үйінің мамандары Вероникаға қиындыққа берілмей, алда тұрған маңызды міндеттерді шешуге барынша көмектесті. Сəбидің туу туралы куəлігін алып берді, банктен арнайы есепшот ашып, бала дүниеге келгенде берілетін бір реттік жəрдемақыны жəне нəресте бір жасқа толғанға дейін ай сайын берілетін жəрдемақыны рəсімдеді.
Тағы бір шешуді қажет еткен басты мəселе — жас ананың оқуын əрі қарай жалғастыруы болатын. Бірақ қаланың бір де бір мектебі баласы бар оқушыны қабылдауға құлықты болмады. Алайда мұның да шешімі табылды. Никаны оқу-өндірістік комбинатына, басқаша айтқанда, кешкі мектепке орналастырудың сəті түсті.
Ваня жеті айлық болып шала туғандықтан, денсаулығында белгілі бір кінəраттары болды. Бұл жерде де Аналар үйі барынша тырысып, қолдан келген көмегін көрсетті. Сəби барлық тексерулерден өтті, балалар невропатологтарының ақылы қабылдауында болды, қажетті қымбат дəрілермен жəне кəсіби массажбен қамтамасыз етілді. Бұл əрекеттердің барлығы өз нəтижесін берді.
Бүгінде жас ана мен Ваняның жағдайы жақсы. Сəби тəтті қылықтарымен қуантып өсіп келеді. Верониканың өзі оқуын жалғастырып, 11 сыныпта оқып жатыр. Ол Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шығуды армандайды.
Ирина
Павлодар қаласы
Ирина мүгедектер отбасында дүниеге келген. Анасы мен әкесі зағип жандар, көзінің мүкісі болатын. Әкесі өмірден өткенде, үй тірлігі, анасын күтіп-қарау қыздың мойнына жүктелді. Көп ұзамай Ирина тұрмыс құрып, ұл туды. Бірақ бақыт ұзаққа созылмады. Ер азаматының сыртта екінші отбасы пайда болды. Ол сатқындықты кешіре алмай, үйін және телефон нөмірін ауыстырып кетіп қалды.
Бірде бариста болып жұмыс істеп жүрген дәмханада бір клиент алдымен Иринаға гүл сыйлап, жұмыстан кейін оны үйіне шығарып салайын деп сұранды. Олар тез тіл табысып, көп ұзамай жігіт қыздың жалдамалы пәтеріне көшіп барды, ұлымен дос болды. Сәтін салып, бақ қонды-ау деп ойлаған Ирина үшін бұл да сынақ екен.
Сері жігіт шамалы уақыт ішінде күш көрсетіп, мойнына отырып алды, альфонс болып шықты. Қызғаншақтық танытып, жиі қол көтере бастады. Бірнеше айдың ішінде Иринаның өмірі тозаққа айналды, одан тек қашып құтылуға болатын еді. Кейін ол аяғы ауыр екенін білді.
Ұзақ уақыт күмәнданды, тіпті перзентханада баладан бас тартуды жоспарлады, бірақ құшағына тәтті нәрестесін алғанда, барлық қиындықты ұмытты.
Анасы қызы мен екі баласын қабылдай алмады, босанғаннан кейін Ирина «Ана үйіне» барды, онда ол жақындары мен қоғам қабылдамаған өзіне ұқсас аналармен тез тіл табысты.
Психологтар, үйлестіруші және медбикелердің қолдауымен Ирина қалпына келіп, өз күшіне сене бастады.
Бағыттар бойынша нәтижелер
11 жылдық
«Ана үйі» жобасының жұмысы арқасында
Бағыттар бойынша нәтижелер
69%
«Ана үйлері» елдегі әлеуетті аналардың жаңа туған нәрестелерін тастап кетуіне жол бермейді
7 130
сәби аналарына көрсетілген көмектің арқасында отбасыларында қалды
Жиі қойылатын сұрақтар:
Аналар 6 айға дейін тұра алады. Алайда әр оқиға жеке қаралады және жағдайға байланысты тұру мерзімі өзгеруі ықтимал. Осы уақыт ішінде әйелдер өмір сүру үшін қажетті барлық заттармен қамтамасыз етіледі.
Жоба бүкіл Қазақстанды қамтиды, қазіргі таңда еліміздің 18 өңірінде 21 Ана үйі жұмыс істейді. Астанада екі, Алматыда үш Ана үйі бар.
Байланыс орталығының 8 800 080 77 71 нөмірі бойынша және инстаграммда dommamy арқылы хабарлассаңыз болады. Сондай-ақ dom-mamy.kz ресми сайтында Сіздің сұрақтарыңызға жауап беретін мамандардың барлық байланыс нөмірлері көрсетілген.
Мерзімі аяқталған соң, аналар көп жағдайда бірге тұрады, аяқтанып кетуіне бір-біріне көмектеседі. Аналардың басым көпшілігі мерзімінен бұрын туыстарымен татуласып, өз үйлеріне оралады.
Иә, әрине. Мамандар әйелдердің отбасыларымен, жақындарымен көп жұмыс атқарады. Психологтармен әңгімелесу, үйлестірушілермен кеңестер, кездесулер және Ана үйіне бару.
Ана Үйлерін қазақстандық кәсіпкерлер – меценаттар қаржыландырады. Әрбір меценат Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы бір немесе бірнеше Ана үйін қаржыландырады. Немесе бір Ана үйіне бірнеше меценат қаржылай көмек көрсетеді. Меценаттардың жалпы саны 26, оның екеуі – компания. Меценаттар мен Ана үйлерінің тізімдерімен ресми сайтта таныса аласыз.