Өзбекстанда қысылтаяң кезеңді өткеріп жатқан әйелдерді қолдауға арналған «Ona Uyi» жобасы дамып, аясын кеңейтіп келеді. Сәуір айында Бұхарада және Андижанда «Ona Uyi» ашылды. Орталықтар аяғы ауыр әйелдер мен қолында сәбиі бар аналарға медициналық көмек ұсынып, уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бейімдеуден өтуіне қолғабыс болып, отбасын сақтап қалуға және балаларға лайықты болашақ беруге көмектеседі.

Бұл жоба MHIF (Mother’s Home International Foundation) халықаралық қорының филиалы. Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігімен серіктестікте жүзеге асырылып отыр.
Қазақстандағы Ана Үйі сынды бұл жерде де әйелдер уақытша баспана, тамақпен қатар психолог, әлеуметтік қызметкер мен дәрігерлердің білікті көмегін де алады. Бұл оларға дағдарысты жеңуге, өзіне деген сенімділікті қалпына келтіруге және баламен берік байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Орталықта 6 айға дейін тұруға болады, осы уақыт ішінде тәлімгерлер кәсіби бейімделуден өтеді, жаңа дағдыларды игереді және жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Қазақстандық «АНА ҮЙІ» қорының басшысы Анар Рахимбаева ресурс орталықтарын ашу қордың Орталық Азиядағы отбасылар мен балаларды ықпалын кеңейтуге және тиімді қолдауға бағытталған стратегиясының маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.

“Өзбекстанда үйлестірушілер және қызметкерлермен 12 жылдық тәжірибемізді бөлістік. Біз қиын жағдайға тап болған аналарды қолдаудың арқасында баладан бас тартудың алдын алуға болатынына сенеміз. Әйелдерге дер кезінде көмек қолын созатын орталықтар балаларға қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға көмектеседі”, — деді Анар Рахымбаева.










