Басқарушылық стратегиясы саласында әлемдік деңгейде мойындалған сарапшы, Гарвардтың жетекші профессоры Борис Гройсберг «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының жобаларын зерттей бастады.

Бұл — бастамамызды барша әлемге таныту жолындағы маңызды қадам. Профессор қордың бизнес процестеріне ерекше мән бермек. Өйткені ол тек теорияны ғана емес, тәжірибені бірге алып жүрген маман. АҚШ-та бірнеше ірі корпорацияның Директорлар кеңесінің мүшесі.
Harvard Business School көшбасшылық пен іскерліктің символына айналып үлгерген. Сондықтан Борис Гройсбергтің зерттеуі Қор жұмысының тиімділігін одан сайын жетілдіре түсуге ықпал етеді.










