Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы мәдениетін енгізу мақсатында Бала асырап алу ұлттық агенттігі барлық өңірде «Баланың бақытты мекені — Отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесін талқылауға білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысты.

Олар отбасыларға төленетін ақы, ата-ананың жұмысы мен Кәсіби қабылдаушы тәрбиешілердің жоғарғы біліміне қатысты жайттарды қызу талқылады.
«Кәсіби қабылдаушы ата-ананың педагогикалық білімінің болуы ең маңызды фактор емес. Тереңдетілген психологиялық диагностика мен оқыту маңыздырақ.
2025 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң жобасына қол қойған болатын. Енді «Неке және отбасы туралы» Кодексінде 17-2 «Кәсіби қабылдаушы отбасы» атты жаңа тарау пайда болады.

Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, бала тек отбасында өмірге толыққанды дайындала алады тек отбасында ғана өтеді және толық үлгі мен құндылықтарды бүлдіршін тек отбасынан алады. Біздің Қордың барлық күш-жігері әрбір баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыруға бағытталған.










