Балажан бағыты
Балаға үлгі болатын, отбасы құндылықтарын сіңіретін және жаңа үйдің іргетасын дайындайтын отбасы екенін халықаралық тәжірибе мен түрлі зерттеулер бірнеше рет дәлелдеген.
Сол себепті 2017 жылы Қор мекеме қызметкерлерін балаларды мекемелерде ұстаудан әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға және отбасына орналастыруға ықпал етуге қайта бағыттау мақсатында «Балажан» балалар интернаттық мекемелерін трасформациялау бағдарламасын іске қосты.
Трансформация
Балалар Үйін
Бала мен отбасыны қолдау орталығы (БОҚО)
Сәбилер Үйін
Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы (МӘОО)
Пилоттық жоба туралы
2018
2018 жылы Қор трансформация бағдарламасын енгізу бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ хабарласты. Ұсыныс қолдау тауып, бүгінде елорданың мамандандырылған мекемесі толығымен жаңа форматта жұмыс істеуде.
Барлық топтар «Үйдегідей» үлгісі бойынша жұмыс істейді, мұнда тәрбиешілер «жақын ересек» рөлін атқарады.
Қиын өмірлік жағдайдағы отбасы балаларына арналған күндізгі топ, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған күндізгі оңалту тобы жұмыс істейді.
2021
Ал 2021 жылы Қор бұл бағдарламаны Ақмола облысында енгізу туралы бастаманы ұсынды. Бүгінде Қор мен Ақмола облысының әкімдігі арасында облыстағы балалар интернаттық мекемелерін пилоттық режімде трансформациялау бағдарламасын енгізу туралы меморандум жасалды.
Пилоттық жобаның қорытындылары
Ақкөл балалар үйі Балаларды қолдау орталығына айналды. Штатқа үш әлеуметтік педагог енгізілді
Барлық мекемелер балаларды отбасына орналастыруға дайындайды – олар БӨДЖЖ толтырады.
144 қызметкер оқудан өтті, олар кейін өз мекемелерінің қызметкерлерін оқытатын болады.
Аудандық маңызы бар Сандықтау және Ақкөл қалаларында қабылдаушы отбасыларға үміткерлерді дайындау басталды.
Алғашқы эксперименттік топтар ашылды: 8 баладан аспайтын, «жақын ересектер» рөлін атқаратын тұрақты тәрбиешілер.