Бала асырап алу ұлттық агенттігінің 10 жылдығына орай Ринат Балғабаев қабылдаушы отбасылар туралы деректі фильм түсірді

Астанада қабылдаушы ата-аналардың өмірі туралы режиссер Ринат Балғабаевтың «Нас много» («Біз көппіз») деректі фильмінің премьерасы өтті. Көрсетілім «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының Бала асырап алу ұлттық агенттігінің (НАУ) 10 жылдығына және Қамқоршы күніне орай ұйымдастырылды.

«Нас много» деректі фильмі Қазақстандағы қабылдаушы ата-ана болу тақырыбын кеңінен қамтыған соңғы 10 жылдағы алғашқы ауқымды киножоба болды. Картина қайырымдылық қордың бастамасымен түсірілген.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, жауапты тұлғалар, сарапшылар, қабылдаушы отбасылар мен меценаттар, жалпы 150-ге жуық адам қатысты. «АНА ҮЙІ» қорының негізін қалаушылар Айдын және Анар Рахимбаевтар, фильм режиссері Ринат Балғабаев және мемлекеттік орган өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

«Біз Анар екеуміз 11 жыл бұрын бала асырап алу шешімін қабылдадық. Бірақ 1 жылдың ішінде құжаттарды жинаумен әлек болып, бала асырап алу қаншалықты қиын екенін түсіндік. Бұл психологиялық жағынан да, заңгерлік тұрғыда да да оңай шаруа емес. Осыдан кейін осынау ауыр жолда баланы отбасында тәрбиелеуге бел буған жанұяларға көмектесу мақсатында Бала асырап алу ұлттық агенттігін құрдық. Бүгін Агенттік үшін де, қабылдаушы отбасылар үшін маңызды күн деп ойлаймын. «Ана үйі» жобасының ауқымы кеңейіп жатқанын білесіздер. Біздің негізгі арманымыз – әр баланың отбасында өсуі», – деді «АНА ҮЙІ» ҚҚ қамқоршысы Айдын Рахимбаев.

«Нас много» деректі фильмі қабылдаушы отбасылардың шынайы өміріне терең үңіліп, олардың қорқынышы мен күнделікті кездесетін қиындықтарын, баланың жаңа отбасына бейімделу жолын көрсетеді. Белгілі қазақстандық деректі фильмдер режиссері Ринат Балғабаевтың («Закладка», «Звонок», «Бездна» фильмдерінің авторы, Balgabayev Doc YouTube-арнасындағы бейнероликтері 20 миллионнан астам қаралым жинаған) көзқарасы қабылдаушы ата-ана болу тақырыбын көпшілікке түсінікті кино тілімен жеткізуге мүмкіндік берді.

«Нас много» фильмінде еліміздің әр өңірінде тұратын 8 қабылдаушы отбасы туралы баяндалады. Олардың барлығы Бала асырап алу ұлттық агенттігінің мамандарының сүйемелдеуінде болған. Соңғы он жылда Агенттік 1 539 отбасына қолдау көрсеткен.

Фильмнің мақсаты – баланы отбасына қабылдау туралы шешімнің артында қандай жауапкершілік пен сезімдер жатқанын шынайы көрсету, қабылдаушы ата-ана болуға қатысты қорқыныштар мен қалыптасқан жаңсақ түсініктерді сейілту, қабылдаушы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты теріс көзқарасты азайту, балаларды отбасына орналастыру мәдениетін қалыптастыру және бұл қадамға баруға жүрексініп жүрген жандарға қолдау көрсету.

Сонымен қатар бұл фильм арқылы осындай жауапты шешім қабылдап, балаға отбасылық жылу сыйлаған жандарға алғыс білдіру көзделген. Қабылдаушы ата-аналар – нағыз батырлар. Ресми статистиканың артында олардың күн сайын атқаратын, көп жағдайда көзге көріне бермейтін орасан еңбегі жатыр. Фильм – сол еңбекті көпшілік алдында бағалап, алғыс айтудың бір жолы. Авторлар бұл туынды көп қазақстандықты балаға отбасы сыйлау туралы ойлануға жетелеп, еліміздегі барлық балалар үйі жабылатын күнге жақындатады деп үміттенеді.

«Нас много» фильмін 3 қараша күні Ринат Балғабаевтың Balgabayev Doc YouTube арнасынан көруге болады.

«Мен қабылдаушы отбасылар туралы фильм түсіруді көптен бері армандап жүр едім. Сол арманымның орындалғанына өте қуаныштымын. Осындай керемет, жүрегі жылы адамдармен танысып, бұл тақырыпты бұрынғыдан да тереңірек түсінгеніме шексіз ризамын. Фильмді көрген әрбір көрермен бала асырап алу туралы ойланып, әрбір бала өз отбасын тапса екен деп үміттенемін», — деді режиссер Ринат Балғабаев.

Іс-шара аясында Астанадағы 31 қабылдаушы отбасы, сондай-ақ «Нас много» фильмінің барлық кейіпкерлері марапатталды. Отбасыларға күнделікті еңбегі мен бала тәрбиесіне қосқан үлесін бағалау мақсатында алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Қамқоршы күні мен Бала асырап алу ұлттық агенттігінің мерейтойына орай Қазақстанның барлық өңірінде қабылдаушы отбасыларға құрмет көрсетілді: еліміз бойынша 1 000 қабылдаушы отбасы қор атынан алғыс хаттар мен Sulpak тұрмыстық техника дүкенінің сертификаттарына ие болды.

Бала асырап алу ұлттық агенттіктің үлесі

Бала асырап алу ұлттық агенттігі 2016 жылы «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының жанынан әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бағытындағы жұмыстың жалғасы ретінде құрылды. Бұған дейін іске қосылған «Ана үйі» ресурстық орталықтарының желісі жүкті әйелдер мен балалы аналарға уақытылы көмек көрсету арқылы 10 000-нан астам баланың өз отбасында қалуына ықпал етті.

Атап өту керек, бұл ауқымды деректі жоба мен «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының Бала асырап алу ұлттық агенттігінің қызметі қазақстандық кәсіпкерлер мен меценаттардың қолдауының арқасында жүзеге асып келеді. Бұл бірегей бастама кәсіпкерлерді ортақ мақсат жолында біріктірді. Ол – әрбір баланың мейірімге толы отбасында тәрбиеленуіне мүмкіндік жасау және осы бағыттағы жүйелі оң өзгерістерді жалғастыру.

Помочь фонду

Выражаем Вам сердечную благодарность за поддержку проектов Фонда!
Выражаем Вам сердечную благодарность за поддержку проектов Фонда!

Введите сумму пожертвования

Поле сумма не может быть пустым
Другое изображение

Our details (USD)

Company name: OF OBSHESTVENNYY FOND "ANA UYI"
Address: Amman, 8, Astana, Kazakhstan
Bank name: Kaspi Bank JSC
SWIFT: CASPKZKA
Account (IBAN): KZ10722S000012899595

ЧФ «Mother’s Home International Foundation»

Адрес: Республика Казахстан, город Астана,
ул. Кунаева, 10, БЦ «Emerald Tower», 4-этаж
БИН 230840900171
ИИК KZ628562203232512224 EUR
Банк АО «Банк ЦентрКредит»
БИК KCJBKZKX

Изображение для пятого попапа

ЧФ «Mother’s Home International Foundation»

Адрес: Республика Казахстан, город Астана,
ул. Кунаева, 10, БЦ «Emerald Tower», 4-этаж
БИН 230840900171
ИИК KZ648562203132511784 KZT
Банк АО «Банк ЦентрКредит»
БИК KCJBKZKX

ЧФ «Mother’s Home International Foundation»

Адрес: Республика Казахстан, город Астана,
ул. Кунаева, 10, БЦ «Emerald Tower», 4-этаж
БИН 230840900171
ИИК KZ868562203232512180 USD
Банк АО «Банк ЦентрКредит»
БИК KCJBKZKX

“Mother’s Home International Foundation” PF

Address: Republic of Kazakhstan, Astana city, 10 Qonayev Street,
“Emerald Tower” BC, 4th floor.
BIN: 230840900171
KZT Account: KZ648562203132511784
Bank: “Bank CenterCredit” JSC
SWIFT/BIC: KCJBKZKX

“Mother’s Home International Foundation” PF

Address: Republic of Kazakhstan, Astana city, 10 Qonayev Street,
“Emerald Tower” BC, 4th floor.
BIN: 230840900171
USD Account: KZ868562203232512180
Bank: “Bank CenterCredit” JSC
SWIFT/BIC: KCJBKZKX

“Mother’s Home International Foundation” PF

Address: Republic of Kazakhstan, Astana city, 10 Qonayev Street,
“Emerald Tower” BC, 4th floor.
BIN: 230840900171
EUR Account: KZ628562203232512224
Bank: “Bank CenterCredit” JSC
SWIFT/BIC: KCJBKZKX

“Mother’s Home International Foundation” ЖҚ

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Қонаев көш., 10, «Emerald Tower» БО, 4-қабат
BIN: 230840900171
ИИК KZ648562203132511784 KZT
Банк «Банк ЦентрКредит» АҚ
БИК KCJBKZKX

“Mother’s Home International Foundation” ЖҚ

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Қонаев көш., 10, «Emerald Tower» БО, 4-қабат
BIN: 230840900171
ИИК KZ868562203232512180 USD
Банк «Банк ЦентрКредит» АҚ
БИК KCJBKZKX

“Mother’s Home International Foundation” ЖҚ

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Қонаев көш., 10, «Emerald Tower» БО, 4-қабат
BIN: 230840900171
ИИК KZ628562203232512224 EUR
Банк «Банк ЦентрКредит» АҚ
БИК KCJBKZKX

«Будинок Мами» оказывает помощь матерям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации с новорожденным ребенком на руках, а также семьям, в которых есть риск отказа от ребенка.

С августа 2023 года по настоящее время 13 женщин и 16 детей получили необходимую помощь.

“Budinok Mami” provides assistance to mothers with newborns who find themselves in difficult life situations, as well as to families at risk of child abandonment.

Since August 2023, 13 women and 16 children have received necessary assistance

«Будинок Мами» жаңа туған баласы бар, қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға, сондай-ақ баласынан бас тарту қаупі бар отбасыларға көмек көрсетеді.

2023 жылғы тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 13 әйел мен 16 балаға қажетті көмек көрсетілді