Бұл – қордың әлеуметтік жетімдікті азайтып, бүкіл әлем бойынша балалар үйіндегі балалар санын қысқарту мақсатына жасалған маңызды қадам.
«Эне Үйү – бұл әйелге жанашырлықпен қол созып, анаға демеу болатын мекен. Мұнда ана жалғыз қалмайды, ал бала махаббат пен мейірімге бөленіп өседі», – дейді қор өкілдері.

«АНА ҮЙІ» – он екі жылдан бері қазақстандық бизнесмендердің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан жоба. Осы уақыт ішінде Қазақстанның 18 қаласында 20 үй ашылып, 8 702 сәби анасымен бірге қалды.
Жобаның аясы кеңейіп, халықаралық деңгейге шықты – Mother’s Home International Foundation құрылды.
Былтыр Киевте шетелдегі алғашқы үй — Будинок мамы ашылды. Ал Өзбекстанда қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер мен мемлекеттің қолдауымен 5 Ona Uyi жұмыс істеп тұр. Тағы екі үй ашу жоспарда бар.

Алдағы уақытта Түркия, Малайзия, Мексика, Колумбия, Перу және Зимбабве елдерінде де жобаны жалғастыру көзделген.










