11-12 шілдеде елордада біздің қор ұйымдастырған «Баланың бақытты мекені – отбасы» атты бірінші халықаралық форум өтті. Форумның негізгі мақсаты Қазақстанда қабылдаушы кәсіби ата-аналар институтын (бұдан әрі — ҚКА) енгізу болды.
Гарвард университетінен Джунлэй Ли: «Мен 20 жылдан астам уақыт бойы жетімдерге күтім жасау саласында жұмыс істеп келемін. Жетімдіктің алдын алу және балаларды қабылдаушы отбасыға орналастыру үшін Қазақстанда маңызды және жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын көргеніме өте қуаныштымын. Мен «Ана Үйлеріне» жеке барып, балаларды тастап кетуді болдырмау үшін Қордың қаншалықты күш салғанын көру бақытына ие болдым».
Жобаның бастамашыларының бірі және меценаттардың атынан сөз сөйлеген Айдын Рахымбаев Қордың 10 мың баланы жетімдіктен құтқарғанын атап өтті. Бұл санды көрнекі түрде көрсету үшін ол балалармен толтырылған Barys Arena стадионына ұқсастық келтірді. «Қиындыққа тап болған аналарға көмектесіп, 7 мың баланы туған отбасыларында сақтап қалдық. Тағы 3 мыңға жуық бала отбасын тапты, олардың 200-і – диагнозы бар балалар. Мұның барлығы 17 миллион доллардан астам инвестиция салған меценаттардың салымынсыз мүмкін болмас еді. Қазір балалар үйінде 4 мыңға жуық бала бар, оларды отбасына орналастыру үшін мың қабылдаушы кәсіби отбасын дайындау керек. Бұл ортақ мақсат кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдарды және әлеуметті біріктіруі керек. Шын мәнінде, бұрын қазақтарда жетімдер болмаған және біз елімізде осындай кезеңнің қайта басталғанын қалаймыз».
Питтсбург университетінің профессоры Трейси Ларсон «фостер отбасы» тұжырымдамасын түсіндірді, яғни балаларды кәсіби дайындалған қабылдаушы ата-аналар тәрбиелейді. «Мен өзім осындай отбасында өстім. Бұл тәжірибе маған фостерлық тәрбиенің балаларға тұрақты және сүйіспеншілікке толы ортаны қамтамасыз ететінін көрсетті. Менің жеке тарихым бұған дәлел».
Панельдік сессияларға жетімдік саласындағы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ асырап алушы ата-аналар мен шетелдік қонақтар қатысты. Америкалық сарапшылармен бірге ҚКО институтын енгізу тәжірибесімен Молдова мен Қырғызстанның өкілдері бөлісті.
Форумның әрбір қонағы құнды білім мен көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды. Әрі «қабылдаушы кәсіби отбасы» идеясын қалай іске асыру жөнінде ойланып кетті.
Форумның екінші күні АҚШ сарапшылары ҚКО институтын енгізу және Қазақстандағы балалар үйлерін трансформациялау қажеттілігіне назар аудара отырып, қорғаншылық органдарының мамандары мен қоғамдық ұйымдардың басшылары үшін мастер класс өткізді.