Жөргек сатып алу арқылы сіз балалы аналарға көмектесесіз
Біздің Қор қазақстандық Mommy Baby брендімен бірге «Aна мен Бала» әлеуметтік акциясын бастады. Бұл бастаманы кез келген қазақстандық қолдай алады. Ол үшін Mommy Baby жөргектерін сатып алу жеткілікті. Үш жасқа дейінгі балалары бар «Ана үйіндегі» аналар әрбір сатылған Mommy Baby өнімінің арқасында қазақстандық брендтің өнімдерін тегін ала алады.
Акция басталғалы Алматыдағы аналарға 5 мыңнан астам жөргек берілді.
Атап өтейік, 10 жыл ішінде біздің «Aна Үйі» қорының арқасында 6616 сәби Балалар үйіне түспей, аналарының жанында қалды, 1910 әйел жаңа жұмыс орындарын тапты, 968-і – жаңа мамандық игерді, 750-і медициналық және психологиялық көмек алды.
Mommy Baby – ағылшын технологиясы бойынша экологиялық және қауіпсіз материалдардан жасалған жоғары сапалы жөргектердің қазақстандық бренді. Компания нарықта 4 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және бизнес тұрғысынан табысты бизнес ретінде ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапты жоба ретінде де өз орнын таба алды.