БІЗДІҢ ҚОРҒА — 10 ЖЫЛ
«Ана үйі» қоғамдық қоры 10 жылдығын атап өтті. Қазақстан бойынша барлық Ана үйлерінде мерейтойға арналған мерекелік шаралар өтті. Оларға балалы жас аналар, бұрын Қор тарапынан қолдау тапқан жандар, облыс және қала әкімдіктерінің өкілдері, ҚР Мәжілісінің депутаттары және меценаттар қатысты.
Әрбір ресурстық орталық жұмысын қорытындылады. Осы уақыт ішінде атқарылған іс ауқымды. 10 жыл ішінде біз 7000-нан астам балалы аналарға өмірдің қиындықтарын еңсеруге және, ең бастысы, бірге қалуына көмектесе алдық.
Бұл біздің меценаттарымыздың, волонтерлік қозғалыстардың және көптеген жылдар бойы балалар мен аналардың проблемаларына жанашыр азаматтардың қолдауынсыз жүзеге аспас еді.